Түркістан облысы бойынша өкілдігінің әдіскер бос лауазымы
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 6 месяца ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Түркістан облысы бойынша өкілдігінің әдіскер бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)
Жұмыс орны: Түркістан қ.
Біліктілік талаптары
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық және құқықтық актілерін, инновациялық басқару әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу- бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, ақпарат жинау әдістерін, талдау құралдарын, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, оқу –бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін, озық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату әдістемесін, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Жеке қасиеттері
·Көпшіл.
·Жауаптылық.
·Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Түркістан облысы бойынша өкілдігінің әдіскері міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Кафедра меңгерушісінің (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- шақырылған оқытушылар өткізген курстардан өткен педагогтерді курстан кейін қолдау;
- әзірленетін білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Филиалдың (Өкілдіктің) операциялық жоспарын іске асыру қызметін ұйымдастыру;
- Филиалдың әдістемелік жұмысы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және курстан кейінгі қолдау бойынша тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептер үшін деректер жинау;
- Филиалдың (Өкілдіктің) Сараптама Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
- Кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамына, педагогтерге, аудандық/қалалық/облыстық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;
- іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2024 жыл 29 қазан
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 24 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201/1, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы
Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 – кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.