Актуалды
Алматы қаласы бойынша Өрлеу
Posted 11 часа ago

Жұмыс орыны: Алматы қ.

Кәсіби талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім сәйкес мамандық бойынша (журналистика, қоғаммен байланыс) немесе қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласында қосымша дайындық және кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары, қаулылары, бұйрықтары, жарлықтары және қоғаммен байланыс саласындағы ұйымдастыру мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнаманың негіздері; қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптерді реттейтін халықаралық және ұлттық кодекстер; ұйымның ерекшеліктері, қызметінің бағыттары және даму болашағы; социология, психология негіздері; сапалы және сандық социологиялық зерттеулер жүргізудің негізгі әдістері; бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу әдістемесі; жарнамалық хабарламалар, мақалалар, өтініштер, қоғамдық сөз сөйлеулердің композициясы мен стилі туралы заңдар; статистикалық ақпаратты талдау әдістері; іс жүргізу негіздері; ұйымның деректер базасын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпарат жинау және өңдеу әдістері; маркетинг негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды қорғау және пайдалану тәртібі, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.

Жеке қасиеттер:

• Коммуникабельділік.

• Жауапкершілік.

• Командада жұмыс істей білу және көп міндетті орындау режимінде жұмыс істей білу.

Жетекші маманбаспасөз хатшысы келесі дағдыларға ие болуы қажет:

• Ақпараттық және имидждік жұмыстарды жүргізу;

• Позитивті имиджді қалыптастыру және қолдау;

• Ұйымның ақпараттық өрісін реттеу арқылы оның кәсіби репутациясының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Құжаттарды тапсыру тізімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға келесі құжаттарды әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелері) немесе жеке өзі ұсынады:

  • Қоғам сайтына сәйкес нысандағы жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі;
  • Конкурс комиссиясының төрағасының атына жазылған өтініш;
  • Жеке деректер, еңбек (қызметтік) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хобби) және т.б. туралы нақты әрі толық ақпарат қамтылған, фотосуретімен қоса берілетін өзекті түйіндеме (резюме);
  • Кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелердің көшірмелері; еңбек кітапшасының көшірмесі немесе конкурс талаптарына сәйкес келетін еңбек қызметін растайтын құжаттар; қажет болған жағдайда – бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсыным хаттар);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі.

Конкурсқа келген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылуы тиіс.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өз біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Конкурстың өткізілу күні, уақыты және орны: 2025 жылғы 15 мамыр.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 13 мамырға дейін.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 298/4, 303-кабинет немесе электрондық пошта арқылы: ipralmaty@orleu-edu.kz

Анықтама телефоны: +7 702 631 57 23 (әкімшілік-кадр жұмысы бөлімі)

Кандидаттың құжаттарды кешіктіріп немесе толық емес түрде тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job