«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бос жұмыс орны: Электрик
Актуалды
Ақмола облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 дня ago
Бос жұмыс орны: Электрик
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша техникалық немесе кәсіптік немесе арнаулы орта білім, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кернеуі 1000 Вольт (В) дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы IV-ден төмен емес. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі-1 (бір) жылдан кем емес.
Білуге тиіс: электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар; тұрмыстық, офистік және өндірістік электротехниканы қауіпсіз пайдалану Қағидалары; бекітілген электр қондырғылары мен жабдықтардың құрылысы, жұмыс принципі және техникалық сипаттамалары; кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларын пайдалану қағидалары; кернеуді толық алып тастаған кезде қорғау құрылғыларын алу және орнату жөніндегі талаптар; Электрмен жабдықтаудың негізгі схемалары және электр энергиясын есепке алу жүйелері; электрден қорғау құралдарын қолдану қағидалары; персоналды электр қондырғыларындағы жұмыстарға жіберу тәртібі; зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату және алғашқы көмек көрсету қағидалары;
Электриктің лауазымдық міндеттері
Міндеттері
Электрик міндетті:
1) Электр қондырғыларына өз бетінше қызмет көрсетуді, қарап-тексеруді, қосуды, ауыстырып қосуды және ажыратуды жүргізуге;
2) лауазымдық міндеттері шеңберінде кернеуі 1000 вольтке дейінгі электр қондырғылары мен жабдықтарды пайдалануды жүргізуге;
3) электр қондырғыларында, электр сымдарында, автоматика, есепке алу және тіркеу аспаптарында жөндеу, ретке келтіру және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын орындауға;
4) құрылыс-монтаждау, жөндеу және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау кезінде қатысуға;
5) жөндеу және баптау персоналының электр қондырғыларындағы жұмыстарға жіберілуін айқындауға;
6) персоналдың электр қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті;
7) Электр шаруашылығының жай-күйіне тексеру, тексеру және бақылау жүргізуге;
8) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
9) электр қондырғыларында жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;
10) электр қондырғыларында жұмыс істейтіндерге тұрақты бақылауды жүзеге асыруға;
11) жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдануға және пайдалануға бақылау жасауға;
12) авариялық жағдайларды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
13) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде жұмысты дереу тоқтатуға құқылы.
14) электр қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізеді;
15) персоналды қауіпсіз жұмыс әдістеріне үйретеді;
16) электр қауіпсіздігі талаптарының білімі мен сақталуын бақылайды.
Құқықтар
Электриктің құқығы бар:
1) басшылықтан және басқа да бөлімшелерден өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты, техникалық құжаттаманы және түсіндірмелерді алуға;
2) қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды және жеке қорғану құралдарымен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуді талап етуге;
3) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер анықталған кезде, сондай-ақ авариялық жағдайлар кезінде басшылықты дереу хабардар ете отырып, жұмыстарды тоқтата тұруға және электр қондырғыларын ажыратуға;
4) электр жабдықтарын пайдалануды жақсарту, жөндеу және жаңғырту жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізуге;
5) ұйым қызметкерлерінен Электр қондырғыларын және қауіпсіздік техникасын пайдалану қағидаларын сақтауды талап етуге;
6) жөндеуден немесе монтаждан кейін электр жабдықтарын тексеруге, сынауға және қабылдауға қатысуға;
7) белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыруға;
Жауапкершілік
Электрик жауапты:
1) Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдаланғаны үшін;
2) Еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін;
3) оқытылмаған немесе аттестатталмаған персоналды жұмысқа жібергені үшін;
4)оның кінәсінен болған авариялардың салдары үшін.
Жұмысты орындау орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71.
Электрондық мекен-жайы: akmolaipk@orleu-edu.kz
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 06 қаңтар (қоса алғанда).
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Конкурс комиссиясының төрағасы Жанна Қалымқанқызы Байгаринованың атына өтініш.
2. Жеке деректерге, еңбек (функционалдық) тәжірибесіне, жобаларға қатысуға, жетістіктерге, тілдерді білуге, қызығушылықтарға (хоббиге) және т. б. қатысты егжей-тегжейлі және шынайы фотосы бар өзекті түйіндеме.;
3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
4. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
5. Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент, түпнұсқалары (салыстыру үшін) және қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша білім алу туралы құжаттардың көшірмелері); ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі).

