Цифрландыру және СММ департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы
Цифрландыру және СММ департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 11 месяца ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Цифрландыру және СММ департаментінің
ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Білуге тиіс: цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жаңа технологияларды енгізу, жарнама жөніндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың негіздері, қоғаммен байланыс, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері ақпараттық жүйелер, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге;
- Басқарма жұмыскерлерінің қызметін үйлестіруге, қарамағындағы жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге;
- Департамент директорының қарауына филиалдардың ақпараттық технологиялар саласындағы қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Қоғамның ІТ-инфрақұрылымын қолдауға міндетті. ІТ-инфрақұрылымының (серверлер, принтерлер, компьютерлер, интернет-ресурстар, ақпараттық жүйелер) үздіксіз жұмысын бақылауды жүзеге асыруға, ІТ-инфрақұрылымын қолдау бойынша қызметтердің техникалық ерекшеліктерін және көлемін айқындауға, сыртқы өнім беруші көрсететін қызметтердің сапасын қабылдап алуды және бағалауды жүзеге асыруға, қолда бар бағдарламалық қамтылымды сүйемелдеуге және пысықтауға;
- Қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. ҚР заңнамасының талаптарына және Қоғамның ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, жоспарлауға және бақылауға, оның ішінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуына жауапты. Анықталған ІТ саласындағы бақылаулар мен оқиғаларды жоюға;
- Қоғамның деректерін басқаруға міндетті. ҚР заңнамасының талаптарына, Қоғамның ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес деректердің сақталуын және Қоғамның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында резервке алынуға жататын деректердің мерзімдері мен санын айқындауға;
- Қоғамның ІТ-ресурстарының бюджетін жоспарлауға міндетті. Қоғамның даму жоспарларына сәйкес Қоғамның ақпараттық технологияларына бөлінетін бюджетті жоспарлауға, орындауға және мониторингке жауапты болуға;
- Қоғамның Стратегиясына және ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Қоғамның басқару, оқу және әдістемелік жұмысында автоматтандыруды техникалық қолдауды жүзеге асыруға;
- курстық және курсаралық іс-шараларды оқу және әдістемелік қолдауды виртуалды-интерактивті технологияландыруды дайындауды қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша жетекші оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға және дамытуға;
- біліктілікті қашықтықтан арттыру бойынша оқу іс-шараларын әзірлеуге және бекітуге, LMS-жүйесін мультимедиялық және виртуалды-интерактивті, бейне оқыту материалдарымен толықтыру процесін ұйымдастыруға;
- кадрлардың біліктілігін қашықтықтан арттыру мен қайта даярлаудың курстарын ұйымдастыруды, филиалдарды ақпараттандыруды бақылауға;
- қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа бастама жасауға және қолдауға;
- сервердегі деректер базасы бойынша жұмыс процесін реттеуге, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, білім басқармасы органдары мен әдістемелік қызметтердің басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының сабақтастығын, біліктілігін арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге;
- Қоғамның барлық құрылымдарының жұмыскерлерімен ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ұсынымдарын жасауға, практикалық көмек көрсетуге;
- есептілік үшін цифрлық форматта құжат айналымы желісі бойынша ақпаратты жинауды, жүйеге келтіруді, өңдеуді және талдауды үйлестіруге;
- Қоғамдық пікірді зерделеу нәтижелері негізінде Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға және қорытуға.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
- фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 28.06. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 1 шілде, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.