Цифрландыру және СММ департаменті директорының орынбасары лауазымы
Цифрландыру және СММ департаменті директорының орынбасары лауазымы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 11 месяца ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Цифрландыру және СММ департаменті
директорының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды.
Негізгі міндеттері:
- құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге;
- Департамент жұмыскерлерінің қызметін, оның ішінде еңбек тәртібін үйлестіруге, қарамағындағы жұмыскерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
- басқарушылық, оқу және әдістемелік жұмыстың барлық салаларына ақпараттық технологияларды ендіру үшін жағдайлар жасауға;
- Департамент директорының қарауына ақпараттық технологиялар және жұртшылықпен байланыс саласындағы филиалдардың қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Қоғам қызметін БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және қоғамның интернет-ресурстарында жариялау мәселелерін шешу жолдарын айқындауға;
- Қоғамның интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді үйлестіру;
- курстық және курсаралық іс-шараларды оқу және әдістемелік қолдауды виртуалды-интерактивті технологияландыруды дайындауды қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша жетекші оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға және дамытуға;
- біліктілікті қашықтықтан арттыру, орталық сервер порталын мультимедиялық және виртуалды-интерактивті, бейне оқыту материалдарымен толықтыру бойынша оқу іс-шараларын әзірлеу және бекіту процесіне жетекшілік етуге;
- кадрлардың біліктілігін қашықтықтан арттыру мен қайта даярлау курстарын ұйымдастыруды, филиалдарды ақпараттандыруды бақылауға;
- қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа бастама жасауға және қолдауға;
- сервердегі деректер базасы бойынша жұмыс жасау, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, білім басқармасы органдары мен әдістемелік қызметтердің басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының сабақтастығын, біліктілігін арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз ету процесін реттеуге;
- Қоғамның барлық құрылымдары жұмыскерлерінің ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ұсынымдарын жасауға, практикалық көмек көрсетуге;
- есептілік үшін цифрлық форматта құжат айналымы желісі бойынша ақпарат жинауды, жүйелеуді, өңдеуді және талдауды үйлестіруге;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық, коммерциялық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қоғамның ресми өкілі ретінде әрекет етуге;
- Қоғамның жұртшылықпен байланыс саласындағы қолданыстағы жоспарларын, бағдарламалары мен сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын түзету мақсатында қоғамдық пікірге зерттеу жүргізудің орындылығын негізге ала отырып бекітуге;
- қоғамдық пікірді зерделеу нәтижелері негізінде Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және қорытуға;
- Қоғамның жұртшылықпен байланыс саласындағы қызметінің тиімділігін қадағалауға немесе тиімділігіне мониторинг жүргізуге;
- филиалдармен, сыртқы ұйымдармен құжат айналымын және ақпараттық алмасуды жетілдіру жөніндегі жұмыс процесін реттеуге;
- Қоғам басшылығына, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Қоғамның жұртшылықпен байланыс саласындағы қызметіне, ақпараттық-жарнамалық саясатқа, қызметтің жаңа бағыттарын ілгерілету және оларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларға байланысты барлық мәселелер бойынша жедел хабардар етуге.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
- фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 28.06. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 1 шілде, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.