Ғылым, инновациялар және талдау департаментінің жетекші маманы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ғылым, инновациялар және талдау департаментінің жетекші маманы
бос лауазымына конкурс жариялайды (толық емес жұмыс уақытына);
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, В1 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
Негізгі міндеттері:
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жөніндегі жұмысын үйлестіру;
- ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру, оның даму перспективаларын айқындау, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдау;
- Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет бойынша перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің есеп беру нысанын әзірлеу;
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептерді және ақпараттық анықтамаларды дайындауға қатысу;
- сұратылып отырған нысан бойынша Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық, жыл сайынғы талдамалық есепті (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) дайындауға қатысу;
- өз жұмысының тақырыбы бойынша әдістемелік материалдарды, ақпараттық анықтамалықтарды әзірлеуге қатысу;
- филиалдардың мамандарына ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету;
- халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-тәжірибелік симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды бетпе-бет/онлайн ұйымдастыру және олардың жұмысына қатысу;
- білім беру, оның ішінде кәсіптік даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу;
- жоспарлы жұмыстардың тиімді және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 27.01.2023ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 31 қаңтарында сағат 16.00-де Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.