Қаржы бөлімінің жетекші маманы, уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Қаржы бөлімінің жетекші маманы (уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына) бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)
Біліктілік талаптары
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және соңғы үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиіс, бақылау –тексеру, есепке алу- талдау салаларында.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексі”, “Білім туралы”,”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, есептілік жасау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді мен әдістемелік материалдарын, ұйымдағы бухгалтерлік есептің нысандары мен әдістерін, шоттардың жоспары және хат-хабарлары, бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру,шаруашылық жүргізу әдістері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары,ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Жеке қасиеттері
- Көпшіл
- Жауаптылық
- Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Бөлімнің жетекші маманының міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Филиалдыңбас бухгалтерінің тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- банк құжаттарын қалыптастыру және тарату(шығыс, кіріс төлем тапсырмалары, банктің төлем тапсырмаларын жүктеу);
- тауар-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) және қызметтерді өткізу (тыңдаушылар бойынша шот-фактура жазу);
- жауаптытұлғаларғасертификаттар мен куәліктер беру;
- іс қағаздарын жүргізу және құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
- Бөлімнің бас маманы/ басқа жетекші маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.), олардың міндеттерін орындау;
- жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- суреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2022 жыл 23 қыркүйек.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 21 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к., 201, 20 каб. немесе:uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтамаүшін телефон: +7 (7252)325135 – кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.