Актуалды
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 дня ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  «Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)

Біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында соңғы екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.              

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексі”, “Білім туралы“,”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі әдістемелік материалдар,бухгалтерлік есепке алу мен ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың нысандары мен әдістері, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, экономика негіздері,құжаттық тексерулер мен мүлікті тексеру жүргізу тәртібі, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы, құжат айналымын ұйымдастыру және бухгалтерлік есепке алу шоттарында операцияларды құжаттамалық ресімдеу мен көрсету тәртібі негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты, шоттардың жоспары мен хат-хабарлары, қаржы, шаруашылық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру,шаруашылық жүргізу әдістері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары,ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері

·         Көпшіл

·         Жауаптылық

·         Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің  Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маман электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

суреті бар түйіндеме;

ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2025 жылғы  9  маусым

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 5 маусымға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., М.Х.Дулати к-сі, 201/1,  20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 (7252) 325135 кадр бөлімі.

 Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады;

Apply For This Job