Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің экономисті
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің экономисті;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және экономист лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік тілді және орыс тілін білуі.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілерді, ұйым қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, ұйымда жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды, перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін, жоспарлы-есепке алу құжаттамасын, даму жоспары мен орындалуы бойынша есепті жасауды, тауар өнімінің өзіндік құнын айқындау, материалдық және еңбек шығындарының нормативтерін, көтерме және бөлшек сауда бағаларын әзірлеу тәртібін, ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін, жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау, еңбекті ұйымдастыру әдістерін, есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін, нарықтық экономика жағдайында ұйымның экономикалық қызметін ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін, ұйымның шаруашылық қызметін техникалық-экономикалық есептеу мен талдау үшін есептеу техникасын қолдану мүмкіндігін, оны пайдалану тәртібін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.
Жеке қасиеттер:
– Байланысқа бейімділік
– Жауапкершілік
– Командада және көп тапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);
– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
– еңбек қызметін растайтын құжат.
* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);
– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);
– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама
– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.01.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, 020000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25-кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 49-32-09, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 14 қаңтарында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, 020000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.