Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директоры – бас бухгалтердің орынбасары
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директоры – бас бухгалтердің орынбасары лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық және (немесе) қаржы саласында білім, қаржы-есептік салаларда жұмыс өтілі кемінде төрт жыл, басшы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бір жыл болғаны қаламды. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының тапсырмаларын орындау;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) осы лауазымда Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жұмысын, сондай-ақ Қоғам филиалдарының қызметін қаржылық жұмыс бөлігінде үйлестіру;
5) Қоғамның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа қатысу, бухгалтерлік есепке қою және оны жүргізу жөніндегі жұмысты жүргізу;
6) тоқсандық, жылдық салық есептілігін жасау және салық органдарына тапсыру;
7) айлық, тоқсандық және жылдық статистикалық есептілікті жасау және тапсыру;
8) 1С:Кәсіпорында айды ай сайын жабу;
9) 1С:Кәсіпорындағы Қоғам филиалдарының бухгалтерлік есебін жүргізуді тексеру және филиалдың 1С:Кәсіпорындағы деректерді дұрыс енгізбеуі анықталған жағдайда, филиалдың бас бухгалтеріне анықталған қателерді түзетуді тапсыру;
10) бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және басқарушылық есептің талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыруды бақылауды жүзеге асыру, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті бухгалтерлік ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;
11) бухгалтерлік есеп шоттарында Қазынашылық пен екінші деңгейдегі банктердегі шоттардағы ақша қаражатының қозғалысын уақтылы және дәл көрсетуді қамтамасыз ету;
12) бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
13) салықтар мен алымдарды бюджеттерге, сақтандыру жарналарын мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға, кредиттік ұйымдарға төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты уақтылы аударуды, соттар бойынша берешектерді өтеуді қамтамасыз ету;
14) Қоғамның қаржы тәртібін сақтауды, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
15) қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді жасауды қамтамасыз етеді, есептік ақпараттың объективтілігі үшін жауапты болады;
16) қаржыландыру жоспарын құруға және филиалдарды қаржыландыруға өтінімдер дайындауға қатысу;
17) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
18) өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
19) Қоғамның мүлкін, меншігін пайдалану, сақтау және есептен шығару жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
20) Қоғамның Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті жасауға қатысу;
21) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
30) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 02.08.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 4 тамызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.