Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы бос лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық және (немесе) қаржы саласындағы білім, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

        Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Негізгі міндеттері:

1) еңбек шартымен, Қоғамның ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

           2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департамент директоры – бас бухгалтерінің және оның орынбасарының тапсырмаларын орындау;

           3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

 4) жеткізушілерден және орындаушылардан, мердігерлерден тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

 5) мемлекеттік сатып алу бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді әзірлеуге және жасасуға қатысу;

 6) бекітілген жылдық бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;

 7) сатып алу бастамашы-департаментпен бірлесіп жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын, түсетін тауарлардың және материалдық ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерінің саны мен сапасын бақылау;

 8) жеткізушілерге және орындаушыларға шарттық міндеттемелерді бұзған жағдайда қойылатын талаптар бойынша материалдар дайындау;

 9) жасалған шарттардың талаптарын өзгертуді жеткізушілермен келісу;

10) мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептілік жасау;

11) бюджетте ескертулер анықталған жағдайда, оларды бюджетке және тиісінше мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер, түзетулер енгізу мақсатында тиісті бөлімшелердің назарына жеткізу;

12) біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ Қоғам жарғысында көрсетілген басқа да қызметтер бөлігінде мемлекеттік сатып алу порталына тұрақты түрде мониторинг жүргізу;

13) Қоғамның барлық филиалдарымен өзара әрекеттесу;

14) өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;

15) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;

          16) Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындау; 

            17) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

            18) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;

            19) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;

            20) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;

            21) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;

           22) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;

           23) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;

     24) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

           25) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

    26) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.09.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job