Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі
Актуалды
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 недели ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұқлттық орталығы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңдарын және Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін дамыту, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, педагогикалық этика нормалары, педагогика, психология, андрагогика негіздері, білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару қағидаттары; ғылыми-зерттеу қызметіне көзқарастар; өмір бойы оқыту тұжырымдамасы және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау әдістемесі; әдістемелік материалдар; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары; оқыту және курстан кейінгі қызмет кезінде мұғалімдердің өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың формалары, әдістері, құралдары мен ресурстары.
Негізгі міндеттері:
- Филиал жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарлауын ұйымдастыру;
- Кафедраның барлық оқыту нысандары бойынша барлық оқу сабақтары түрлерінің өткізілуін ұйымдастыру;
- курстардың жұмыс бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқаулармен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылау;
- Кафедраның жұмыс жоспарын, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын бекіту;
- басқа кафедралар жасайтын оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындау;
- Кафедра қызметкерлері арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлу, олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;
- оқытушылардың педагогикалық жүктемені орындауы туралы жартыжылдық және жылдық есептер дайындау;
- оқу жоспарларының, оқу бағдарламаларының орындалуын, Кафедраға бекітілген оқу сабақтарын, консультацияларды, қорғауды өткізу кестелерінің сақталуын жалпы бақылау;
- келмеген оқытушының алмастырылуын қамтамасыз ету;
- оқу процесіне жаңа білім беру технологияларының енгізілуін қамтамасыз ету;
- бекітілген жоспарға сәйкес Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін және ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізуін ұйымдастыру;
- Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату; Кафедраның Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастығын ұйымдастыру;
- Кафедраның материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту бойынша жұмыс жүргізу;
- Кафедра жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- тыңдаушылардың дербес деректерін тыңдаушылардың бірыңғай дерекқорына енгізілуін қамтамасыз ету;
- жүктелген портфолионы есепке алу және бақылау, талаптарға сәйкестігін тексеру;
- Кафедра жұмыскерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;
- Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша Кафедра ұжымына (тоқсан сайын), Филиалдың Ғылыми кеңесіне (жыл сайын), Филиалдың басшылығына және Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне (талап ету бойынша және белгіленген кесте бойынша) есеп беру;
- Кафедра алдына қойылған, Кафедра орындайтын міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелері) не жеке өзі төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
түрлі түсті фотосуреті бар түйіндеме;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме) немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (түпнұсқа және көшірме);
Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген Қандас куәлігін (түпнұсқасы мен көшірмесін) ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
қажетті кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар.
Кандидат құжаттардың түпнұсқасын өзі ұсынған кезде көшірмесін растау талап етілмейді.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 25.04.2025ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mangystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87078860650
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылғы 28 сәуір сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.