Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің HR-менеджері
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің
HR-менеджері бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, персоналды басқару саласындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл және «HR» саласында қосымша дайындықтың болғаны жақсы. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін білу.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды, ұйымның құрылымы мен штаттарын, оның бейінін, мамандануын және даму перспективаларын, кадр саясатын және ұйымның стратегиясын, болжам жасау, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібін, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздерін, еңбек нарығының жай-күйін, персоналды оқытуды, ынталандыруды және дамытуды ұйымдастыруды, персоналды бағалау/аттестаттау құралдарын, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістерін, корпоративтік мәдениетті дамыту және нығайту құралдарын, кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін, ұйымның персоналы туралы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін, белгіленген есептілікті жасау тәртібін, жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды.
Негізгі міндеттері:
1) Қоғамда персоналды басқару саласында HR-процестерді енгізу және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу;
2) өз құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелер туралы ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың, сондай-ақ Қоғамның персоналды басқару саласындағы мәселелер бойынша ішкі актілерінің (қағидалар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.) жобаларын әзірлеуге қатысу;
3) Қоғамның еңбек ресурстарына қажеттілігін жоспарлау;
4) жұмыскерлерді іздеу, жалдау, бейімдеу бойынша жұмысты атқару;
5) бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен кәсіби тақырыптық PR-іс-шараларды өткізуге, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне қатысу;
6) Қоғамның кадрларын оқытуға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, жұмыскерлерін дамытуға және ынталандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
7) Қоғамның жұмыскерлерін марапаттау және көтермелеу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
8) ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Қоғам персоналын бағалау/аттестаттау бойынша жұмысты жүзеге асыру;
9) Қоғамның корпоративтік мәдениетін дамыту және нығайту жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
10) Қоғамның жұмыскерлері және жұмыс беруші мен Қоғамның жұмыскерлері арасындағы коммуникациялық алшақтықтардың пайда болуына әсер ететін факторларды анықтау;
11) коммуникациялық алшақтықтарды жоюға бағытталған түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу;
12) Қоғамда/филиалдарда корпоративтік мәдениетті және құндылықтар жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету;
13) Қоғамның филиалдарында персоналды басқару саласындағы кешенді тексерулерге қатысу;
14) еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді көтермелеу және марапаттау, дамыту, ынталандыру, бағалау/аттестаттау және т.б. мәселелер бойынша іс қағаздарын жүргізу;
15) Қоғамның ішкі актілерінің мазмұнын жаңадан қабылданған жұмыскерлердің назарына өз өкілеттіктері мен құзыреттері шегінде жеткізу;
16) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде персоналды басқару саласында есептер дайындау;
17) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам персоналын басқару саласындағы қызметке қатысты кіріс хаттарға жауаптар дайындау;
18) Қоғам жұмыскерлеріне персоналды басқару және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мәселелер бойынша кеңес беру;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.04.2023 ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 7 сәуірінде Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.