Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің маманы – заңгер
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің
маманы – заңгер бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заңгерлік білім, заңгер лауазымында кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы тиіс. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
Негізгі міндеттері:
- еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департамент директоры мен оның орынбасарының тапсырмаларын орындау;
- міндеттерін нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- заңдылықтың сақталуын, жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдануын қамтамасыз ету;
- контрагенттердің және өзге де тұлғалардың наразылықтары мен талап-арыздарына жауаптар дайындау үшін анықтамалар, есептер, түсініктемелер мен басқа да материалдардың уақтылы ұсынылуын бақылау;
- компьютерлік техниканы пайдалана отырып, заңнама және нормативтік актілер бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмысты, сондай-ақ Қоғам қызметі саласындағы қолданыстағы заңнаманы және басқа да нормативтік актілерді есепке алу;
- жұмыскерлерге Қоғам қызметі шеңберінде ағымдағы заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ Қоғам қызметінің бағыттарына қатысты заң мәселелері бойынша қорытындылар жасау;
- кері қайтарылған шарттардың, келісімдердің, кепілдік міндеттемелердің және ішкі құжаттардың жобаларына құқықтық мәселелер бойынша қорытынды дайындауға, сондай-ақ Қоғамның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
- басқа бөлімшелермен бірлесіп Қоғамда шығарылған қолданыстағы немесе күші жойылған бұйрықтарды және басқа да ішкі құжаттарды өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;
- шарттар жасасу, олардың заңды негізділігі туралы қорытынды дайындау, сондай-ақ ұжымдық шарттың талаптарын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысу;
- дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарауға және шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;
- өз құзыреті шеңберінде ұйымдардан, азаматтардың өтініштерінен келіп түсетін сұрауларға жауаптар дайындау;
- сот және тергеу органдарына беру үшін Қоғамның басқа бөлімшелерінің қатысуымен ұрлық, ысырап, жетіспеушілік туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындау;
- жұмыскерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды қарау кезінде белгіленген тәртіпке сәйкес құқықтық және әдістемелік көмек көрсету;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік актілермен таныстыру жөнінде жұмыс жүргізу, оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету;
- құқықтық қызмет саласындағы шарттардың, келісімдердің, меморандумдардың және өзге де құжаттардың үлгілік нысандарын әзірлеу;
- Қоғам жұмыскерлеріне құқықтық сипаттағы құжаттарды ресімдеуге жәрдем көрсету;
- жер, мүлік, салық, банк және еңбек заңнамасы мәселелері бойынша Қоғам филиалдарының қызметін құқықтық қолдау бойынша жұмыс жүргізу;
- бас маман – заңгер уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
- іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- .
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.09.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.