Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің аудармашысы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің аудармашысы
бос лауазымына конкурс жариялайды (толық емес жұмыс күніне)
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, аудармашы қызметінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін В2-ден кем емес деңгейде білу.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін нормативтік актілерді, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) заңдылықтың сақталуын, жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдануын қамтамасыз ету;
5) Қоғамның құжаттарын (бұйрықтардың, хаттардың, түсіндірме жазбалардың, ережелердің, нұсқаулықтардың және т.б. толық жазбаша аудару) мемлекеттік тілден орыс тіліне және керісінше және (немесе) мемлекеттік тілден және орыс тілінен ағылшын тіліне және керісінше аудару, бұл ретте аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ету, терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтау;
6) Қоғамның басқа жұмыскерлері мемлекеттік, орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде орындаған жазбаша аудармаларды редакциялау;
7) оқу-ғылыми, нормативтік-техникалық құжаттаманы, ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялар, кеңестер, семинарлар материалдарын, хаттамаларды және т.б. аударуды жүзеге асыру.
8) орындалған аудармаларды, аннотацияларды және басқа да құжаттарды есепке алуды және жүйелеуді жүргізу;
9) Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті директорының және орынбасарының тапсырмаларын орындау;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
9) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
10) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
16) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.11.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 22 қарашада сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.