Құқықтық және әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің бас маман-заңгері
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Құқықтық және әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің
бас маман-заңгер маманына конкурс жариялайды;
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі заң білімі және заңгер лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін білу.
Білуге тиіс: ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарды, ұйымның бейінін, мамандандырылуы мен құрылымдық ерекшеліктерін, азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, қаржылық, салықтық және заңнаманың басқа салаларын, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығын, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негіздерін, құқықтық құжаттарға арналған іс жүргізу стандарттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымын, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, рәсімдеу, есепке алу және тәртібін, әкімшіліктеу негіздерін, іскерлік қатынастар этикасын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);
– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
– еңбек қызметін растайтын құжат.
* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);
– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);
– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама
– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.02.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат,
26-кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 14 ақпанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 26-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.