Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынане кейінгі)  білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. 

Жүйе әкімшісі білуі керек:

  • Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы;
  • «Ғылым туралы» Заңы;
  • «Педагог мәртебесі туралы»
  • «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы;
  • «Жарнама туралы» Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;
  • «Ақпараттандыру туралы» Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы.

Жүйе әкімшісінің негізгі функциялары:

  1. серверге және жұмыс станциясына операциялық жүйелер мен жұмыс істеу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
  2. серверде және жұмыс станциясында бағдарламалық қамтамасыз етуді конфигурациялау;
  3. сервер мен жұмыс станциясының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің жұмысқа жарамды күйде ұстау;
  4. желілік ресурстарға қол жеткізу құқығын белгілеу және пайдалануды бақылау;
  5. желі мониторингін жүргізу, желі инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  6. желілік қауіпсіздікті (ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелік файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғауды), желіаралық өзара іс-қимыл қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  7. жергілікті есептеу желісін, серверді және жұмыс станциясын вирусқа қарсы қорғау;
  8. Zoom, vMix-те онлайн кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру;
  9. Филиал компьютерлерінің, ұйымдастыру техникасының, серверлері мен желілік жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қолдау;
  10. ақауларды жедел диагностикалау және оларды жою;
  11. пайдаланушыларды жабдықпен жұмыс істеу жөнінде жүйелі оқыту;
  12. Қоғам және Филиал қызметі шеңберінде LMS платформасының ішкі және сыртқы пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету;
  13. «Ұстаз» платформасында пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету;
  14. телеграмма ботында өтінімдерді өңдеу;

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

  1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты (қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады);
  3. шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттар;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат(тар) (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. Алдын ала медициналық тексеруден өткенін растайтын құжат  (Ф075);
  7. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы анықтама;
  8. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтер;
  9. Әскери билет немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы куәлік (әскери міндеттілер мен мерзімді әскери қызметшілер үшін)
  10. Түйіндеме (фотосуреттермен жаңартылған, егжей-тегжейлі және сенімді: жеке деректер, жұмыс (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б.);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 03 наурызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Жезқазған қаласы, Гоголя көшесі 5, Ұлытау облысы бойыншы өкілдік, 2 қабат, мекенжайы бойынша немесе karagandaipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефондары: +77753749512, 8 777 035 3494

Конкурстың өткізу күні және форматы: 2025 жылғы 04 наурыз, он-лайн форматында

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job