Архив
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

Ваканттық лауазым: Ұлытау облысы бойынша өкілдік басшысы  – 1 вакансия;

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе)  жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Өкілдік басшысы білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасы «Білім туралы»;
  • «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі».

Өкілдік басшысының негізгі функциялары:

  1. еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Филиал директоры орынбасарының тапсырмаларын орындау;
  3. ;
  4. Өкілдік жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын ұйымдастыру;
  5. Өкілдіктің барлық оқу қызмет түрлеріне бақылау жасау;
  6. негізгі бағыттарды іске асыру, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру, білім беруді цифрландыру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметке дайындығын қалыптастыру бойынша олардың біліктілігін арттыру шараларын қамтамасыз ету;
  7. білім беру процесін жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және кіріктіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  8. Өкілдіктің әдістемелік, инновациялық даму және цифрландыру жөніндегі қызметін бақылау мен үйлестіру;
  9. оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды, сабақтар кестесін және оқу қызметінің басқа да түрлерін әзірлеуге басшылық жасау;
  10. оқытушылардың оқу жүктемесін орындауын, дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың сапасын бақылау;
  11. Филиалдың Ғылыми кеңесінің отырыстарына, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың алқаларына, Қоғам және ҚР Ағарту министрлігі кеңестеріне материалдар дайындау;
  12. білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға және облыстың қалалары мен аудандарының әдістемелік кабинеттеріне әдістемелік көмек көрсету жөніндегі процесті басқару;
  13. кафедраның және оқу ісі жөніндегі бөлімнің қызметіне жетекшілік ету;
  14. инновациялық және эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектептерге ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру;
  15. қалалық, облыстық және республикалық конкурстарды дайындау және өткізу;
  16. Өкілдіктің оқытушылар құрамымен әдістемелік сағаттар өткізу;
  17. жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  18. білім беру ұйымдарының басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттыру сабақтастығының, үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;
  19. Өкілдіктің жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуге қатысу және оларды Филиал директорына ұсыну;
  20. қажетті есептіліктің жасалуын және ұсынылуын қамтамасыз ету;
  21. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу;
  22. өзінің тікелей қарамағындағы Өкілдіктің құрылымдық бөлімшелерінің атқарушылық және еңбек тәртібіне бақылау жасау;
  23. Өкілдік жұмыскерлерін еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жауаптылыққа тарту мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  24.       Өкілеттілік шегінде Өкілдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  25.       профессорлар мен оқытушылар құрамын конкурстық іріктеу рәсімі кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету және Өкілдіктегі рәсімдердің транспаренттілігін бақылау;
  26. кафедраның бас әдіскері, оқу ісі жөніндегі топтың бас маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;
  27. Өкілдіктің алдына қойылған, Өкілдік орындайтын міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш

2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;

3. 3*4 фотосурет (2 дана);

4. Жеке басын куәландыратын құжат;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

6. Медициналық анықтама (Ф075);

7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;

9. Наркологиялық ұйымнан справка;

10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

 Хабарландырудың жарияланған күні: 09.11.2022 ж.

Конкурс өтетін күн: 15.11.2022 ж.

Телефон: 8 (7212) 41-87-10

Apply For This Job