«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасының жүргізушісі бос лауазымына конкурс жариялайды
Біліктілік талаптары
«Біліктілікке қойылатын талаптар: жүргізуші куәлігінің тиісті (В және D) санатының болуы, көлік құралын басқару өтілі кемінде үш жыл.
Білуге тиіс: жол қозғалысы және автокөліктерді техникалық пайдалану ережелерін; қызмет көрсетілетін автокөліктер агрегаттарын, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен жұмысын; автокөлікті пайдалану барысында туындаған ақаулықтардың себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін; гараждарда және ашық тұрақтарда автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу тәртібі және сақтау ережелерін; аккумулятор батареялары мен автокөлік шиналарын пайдалану ережелерін; жаңа автокөліктерді және күрделі жөндеуден кейін іске қосу ережелерін; ауа-райының автокөлік жүргізу қауіпсіздігіне әсерін; жол-көлік оқиғаларын болдырмау тәсілдерін; жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібін; қызмет көрсетілетін автокөліктің жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормалары.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2024 жыл 10 маусым.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 06 маусымға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к., 201, 20 каб., немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 – кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.