Әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы аула сыпырушы бос лауазымы (1 бос бірлік)
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы аула сыпырушы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)
Жеке қасиеттері:
·Көпшіл.
·Жауаптылық.
·Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Аула сыпырушы міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- құдықтардың, люктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шұңқырлар мен траншеялар қоршауларының болуын, жерден шығып тұрған үшкір заттардың (сым, арматура, сынған ірі шыны және т.б.) болмауын тексеру мақсатында жұмыс аймағын қарап тексеру;
- жинауға қажетті материалдар мен керек-жарақтарды (құм, суаратын құбыршектерді және т.б.) әкелу;
- филиал ғимаратына бекітілген аумақты тазалау;
- қауіпті учаскелерді қоршау және бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлау;
- құбыржолдардың (сумен жабдықтау, кәріз, жылыту және басқалары) бұзылуы анықталған кезде тиісті мамандандырылған авариялық бригаданы шақыру және тікелей басшыға хабарлау.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2023 жыл 17 мамыр
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023 жылғы 15 мамырға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.