Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы қойма меңгерушісі  бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)

Біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе жалпы орта білімі және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзге де заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды; тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, мөлшерлері, маркалары, сұрыптылығы және өзге де сапалық сипаттамалары мен оларды жұмсау нормаларын, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, тауарлық –материалдық құндылықтарды сақтау және қоймаға қою тәртібін, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды, жүктерді тасымалдауға және сақтауға, қойма үй –жайлары мен жабдықтарды жалға алуға арналған шарттардың талаптарын, есептеу техникасын пайдалану қағидалары, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл;
  • Жауаптылық;
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Қойма меңгерушісінің міндеттері:

  • еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  • атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
  • міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  • қоймадағы тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және жіберу, оларды орналастыру, қойма операцияларының есебін жүргізу, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтау, белгіленген есептілікті дайындау және жүргізу;
  • Қоғамның жинап қойылатын тауар-материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • тауарларды жинақтау, буып-түю және жіберуге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • тиісті түрде ресімделген құжаттарға (шот-фактураларға, жүкқұжаттарға, өтінімдерге және басқаларға) сәйкес тауарларды, материалдарды, техниканы қабылдау немесе жіберу;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелерін сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу;
  • «1С қойма» ақпараттық жүйесінде қойма операцияларының есебін жүргізу;
  • кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • белгіленген есептілікті дайындау;
  • жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
  • келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шамада жұмыс берушіге өтеу;
  • атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2022 жыл  12 қыркүйек

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 09 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 кадр бөлімі.

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Apply For This Job