Әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы әкімшілік -шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер бос лауазымы (1 бос бірлік)
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 12 месяца ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)
Біліктілік талаптары
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдарын; үй-жайларды пайдалану тәртібін; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ұйымның өндірістік- шаруашылық қызметінің жоспарларын жасауды және келісуді; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймаға қою тәртібін, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды, жүктерді тасымалдауға және сақтауға, қойма үй –жайлары мен жабдықтарды жалға алуға арналған шарттардың талаптарын, есептеу техникасын пайдалану қағидалары, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Жеке қасиеттері
·Көпшіл.
·Жауаптылық.
·Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Әкімшілік -шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- техникалық құжаттаманың қажетті деңгейін, ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және оларға өзекті сипат беру;
- сақтандыру полистерінің болуын/әрекет ету мерзімін бақылау және Филиал автокөлігін техникалық байқау;
- Филиал жұмыскерлері мен бөлімшелерінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормаларды, табиғат қорғау, санитариялық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын сақтауына бақылаужасау;
- техникалық құжаттаманы (сызбаларды, ерекшеліктерді, техникалық шарттарды, технологиялық карталарды)уақтылы дайындау;
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2024 жыл 20 маусым
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 18 маусымға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб., немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 – кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.