Архив
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы

хабарландыру

  1. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма бас инженгерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының (профессорлық-педагогикалық құрамынан басқа) бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы ереже негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Бас инженердің қызметіне еңбек өтілі бес жылдан кем емес, мамандыққа байланысты жоғары білімді тұлға тағайындалады.

Лауазымның функционалдық бағыттары:

Бас инженер өз қызметінде басшылыққа алады:

 – ҚР заңнамалық актілерін;

 – филиал мен әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелері бойынша   ережелерін;

 – филиалдың қаулы, жарлығын, бұйрықтарын және басқа басқару және нормативік құжаттарын;

 – «Өрлеу» БАҰО» АҚ ic жургізу бойынша нұсқаулығын;

 – ішкі еңбек тәртібінің ережесін;

 – қызметтік құпияны құрайтын нeгiзгi ақпарат тізбесін;

 – осы лауазымдык нұсқаулықты басшылыққа алады.

Конкурсты өткізу күні: 16 ақпан 2022 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3) 3х4 көлеміндегі фотосурет немесе оның электрондық форматы;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – тұру ықтиярхаты;

5) қажетті кәсіптік білімін, жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметі немесе нотариус куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі. Ескертпе: кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмені растау талап етілмейді);

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын уақытқа берілген белгіленген нысандағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (Н- 086) (немесе нотариалды куәландырылған көшірме));

7) қылмыстық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) әскери есепке қойылғанын растайтын құжат (әскери міндеттілер үшін).

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушылар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы немесе электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына, құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн мерзімінде мына мекен-жай бойынша қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс: 150007, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Труд көшесі, 36, “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”, әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма, № 210 кабинет. Құжаттарды қабылдау мерзімінде sko@orleu-edu.kz  электрондық поштасына  құжаттарды жіберген жағдайда конкурсқа келген соң жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажет. Анықтама телефоны 8(7152) 50-07-23.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген үміткерлер “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында” өтеді.

Конкурстың екінші кезеңін өткізу орны, уақыты және шарттары екінші кезеңге қатысуға жіберілген тұлғаларға ол басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады.

1 қосымша

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы бос лауазымдарға орналастыру үшін конкурс  өткізу тәртібі туралы Ережеге (профессорлық-оқытушылар құрамын қоспағанда)

1 қосымша

Нысан

Конкурстық комиссия төрағасына

__________________________

мекенжайында тұратын:

___________________________________________________

Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты

__________________________

Өтініш

__________________________________________________________________

лауазым атауы ______________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына  орналасу  үшін конкурсқа қатысуға  жіберуіңізді өтінемін.

Өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынамын:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________                ____________________________________

(өз қолы)                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ))

20___ ж. «____»___________.

Apply For This Job