Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы лауазымына конкурс жариялайды;

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарды, ұйымдағы шаруашылық қызметті бухгалтерлік есепке алу мен талдау нысандары мен әдістерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, экономика негіздерін, құжаттық ревизиялар мен тексерулер жүргізу, мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру тәртібін, құжат айналымын ұйымдастыру және негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін, шоттардың жоспары мен хат-хабарларын, қаржы, шаруашылық, салық заңнамасын, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды, шаруашылықты жүргізу әдістерін, есептеу техникасын пайдалану ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қойылатын талаптарды.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: – Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); – түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі).

Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 08.12.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 87014121739 басқарма бастығы.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 9 желтоқсанында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job