Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының бас әдіскері лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді, инновациялық басқару әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, ақпарат жинау әдістерін, талдау құралдарын, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін, озық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату әдістемесін, дербес компьютерлерде, өзге де электрондық-цифрлық құрылғыларда жұмыс істеуге қойылатын талаптарды, педагогтерді курстан кейінгі қолдауды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну мен таратудың негізгі әдістері, зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу әдістерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін; еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.04.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 87014121739 басқарма бастығы.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 07 сәуір сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job