Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджері лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; қызмет көрсетуші персоналдың ңбегін механикаландыру құралдарын; үй-жайларды пайдалану тәртібін; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасауды және келісуді; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдарды, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, тауар-материалдық құндылықтардың түрлерін, мөлшерлерін, маркаларын, сорттылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығыс нормаларын, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймаға қою қағидалары мен тәртібін, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік санитария мәселелерін, жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптемесінің тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23.02.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы бойынша немесе  e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 87014121739 басқарма бастығы.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job