«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы ақпараттық жүйелер және СММ тобының бас маманы-PR, SMM лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті мамандық (журналистика немесе қоғаммен байланыс немесе филология немесе педагогика немесе аударма ісі немесе шет тілдері) бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе тиісті мамандық бойынша (филология немесе педагогика немесе аударма ісі немесе шет тілдері) орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, қоғаммен немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында сертификаттың болуы және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өзге де басшылық және нормативтік құжаттарды; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама негіздерін; қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстерін; ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері мен даму перспективаларын; әлеуметтану, психология негідерін; сапалық және сандық әлеуметтік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін; бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесін; жарнамалық хабарламалар, мақалалар, үндеулер, көпшілік алдында баяндамалар құрамы мен стилінің заңдылықтарын; статистикалық ақпаратты талдау әдістерін; іс жүргізу негіздерін; ұйымның жеке дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдарын; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін; маркетинг негіздерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру тәртібін, оны қорғау және пайдалану тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 12.04.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 87014121739 басқарма бастығы.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 13 сәуір сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.