«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының педагогика және пәндік әдістер кафедрасының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 7 месяца ago
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 02.10.2024ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 10.10.2024ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы
Байланыс e-mail: a_ipk@mail.ru
Телефон: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 8702 681 85 08
Бос орын атауы: Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының меңгерушісі 1-бос жұмыс орны (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат)
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура) немесе тиісті бейін бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі өзге де кәсіби білім (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура) немесе тиісті бейін бойынша ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты) немесе тиісті бейін бойынша PhD докторы дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, экономика негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Кәсіби білім:
– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;
– теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері;
– пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары;
– білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері;
– оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігіндегі жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;
– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтайтын ортаның компоненттері;
– білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, өзіндік оқыту тәжірибесін рефлексиялау әдістері;
– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;
– тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік.
Кәсіби дағдылар мен біліктер:
– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтау және пайдалану;
– пәндік білімді қолдану және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына түрлендіру;
– заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдау және тиімді қолдану;
– білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгеру;
– инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгеру, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлау;
– жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтау, білім беру процесінде денсаулық сақтайтын ортаны қалыптастыру;
– оқыту үдерісін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттеу, рефлексиялау және өзіндік оқыту тәжірибесіне зерттеу жүргізу;
– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтау;
– тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.
Болғаны жөн:
– кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;
– зерттеулер негізінде зерттеу жобаларына және бағдарламаларды әзірлеуге қатысуы;
– авторлық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеуі;
– кәсіби қауымдастықтар мен білім беру қоғамдастықтарында (оның ішінде желілік) оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысуы».
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 02 қазаннан бастап – 10 қазанға дейін қабылданады. Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат 201 кабинет мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 87026818508 әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы
Сұхбат өткізу орны:
Атырау қаласы, Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 201-кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.