«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы жаратылыстану-математика бағытындағы кафедраның аға оқытушысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 6 дня ago
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 14.04.2025ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 23.04.2025ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі
Байланыс e-mail: a_ipk@mail.ru
Телефон: 8(7122) 20-34-50, 8702 681 85 08
Бос орын атауы: жаратылыстану-математика бағытындағы кафедраның аға оқытушысы – 1 бос жұмыс орны
Пәні: Математика (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат)
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Академиялық дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болса, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын, еңбек заңнамасын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; еңбек қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, қарым-қатынас мәдениеті және қызметтік этика; педагогикалық этика нормалары, оқу жоспарларын құру тәртібі, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелері, педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; білім беру саласында стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты тәсілдер; өмір бойы оқыту және педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы концепциясы; қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау әдістемесі; әдістемелік материалдар; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту; оқытушылардың оқу және курстан кейінгі қызмет барысында өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23.04.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы, 2-қабат, 204-кабинет немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 8702 681 8508.
Сұхбат өткізілетін орын:
Атырау қаласы, Лев адмирал Владимирский, 24, 2 қабат, 200 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.