Актуалды
“Өрлеу” по Атырауской области
Posted 1 неделя ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның  «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 22.05.2025ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 29.05.2025ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі

Байланыс e-mail: gjumasheva@orleu-edu.kz

Телефон: 8(7122) 20-34-50, 8702 681 85 08

Бос орын атауы: 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары –  1-бос жұмыс орны

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден  18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:  Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, мемлекеттік және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін (жақсы) меңгеруі тиіс.

Академиялық дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болса, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының келесі заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және білім берудің даму бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психологияның негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, педагогикалық этика нормаларын, менеджмент пен экономиканың негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті, андрагогика мен синергетиканы, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық талаптар мен нормаларды, білім берудегі стратегиялық жоспарлау мен басқаруды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау тәсілдерін білуі тиіс.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 29.05.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы, 2-қабат, 204-кабинет немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 8702 681 8508.

Сұхбат өткізілетін орын:

Атырау қаласы, Лев адмирал Владимирский, 24, 2 қабат, 200 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job