«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының ақпараттық технологиялар және медиа қызметінің жетекші маман – баспасөз хатшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды, Актуальный
“Өрлеу” по Атырауской области
Posted 1 неделя ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының ақпараттық технологиялар және медиа қызметінің жетекші маман – баспасөз хатшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 22.05.2025ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні:29.05.2025ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі
Байланыс e-mail: gjumasheva@orleu-edu.kz
Телефон: 8(7122) 20-34-50, 8702 681 85 08
Бос орын атауы:
Ақпараттық технологиялар және медиа қызметінің жетекші маман – баспасөз хатшы – 1-бос жұмыс орны
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті мамандық (журналистика, қоғаммен байланыс) бойынша білімі немесе қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қосымша даярлығы, сондай-ақ кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңы; қоғаммен байланыс саласына қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және өзге де нормативтік құжаттар; қоғаммен байланыс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби-этикалық кодекстер; бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама туралы заңнаманың негіздері; ұйымның мамандануы, қызмет ерекшеліктері және даму перспективалары, социология және психология негіздері, соның ішінде сапалық және сандық социологиялық зерттеулерді жүргізу әдістері; БАҚ мониторингін жүргізу әдістемесі; жарнамалық хабарламалар, мақалалар, үндеулер мен көпшілік алдында сөйлеулердің композициясы мен стилінің заңдылықтары; статистикалық ақпаратты талдау әдістері; іс жүргізу негіздері; ұйымның деректер базасын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістері; маркетинг негіздері; іскерлік қарым-қатынас этикасы; қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану ережелері; еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.
Мыналарды білуі тиіс:
Ақпараттық және имидждік жұмыстарды жүргізу, жағымды имидж қалыптастыру және қолдау, ақпараттық кеңістікті реттеу арқылы ұйымның іскерлік беделінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 29.05.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы, 2-қабат, 204-кабинет немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 8702 681 8508.
Сұхбат өткізілетін орын:
Атырау қаласы, Лев адмирал Владимирский, 24, 2 қабат, 200 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.