Архив
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

✅ Мамандандыруға қойылатын талаптар:

Мектепке дейінгі білім беру

Бағыттар:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары (меңгерушілері) – 72 сағат;

– Оқыту тілі- орыс;

– Қызмет көрсету мерзімі 11.09-22.09.2023ж.

– өткізу форматы- офлайн

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әдіскерлері – 72 сағат;

– Оқыту тілі – қазақша;

 – Қызмет көрсету мерзімі 07.08 – 17.08.2023 ж.

 – өткізу форматы – офлайн

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері – 13 курс, 936 сағат;

– оқыту тілі-қазақ, орыс;

 – қызмет көрсету мерзімі: 15.05-25.05.2023ж., 29.05-08.06.2023ж., 12.06-22.06.2023ж.,

07.08.-17.08.2023ж., 21.08-31.08.2023ж., 11.09-22.09.2023ж., 09.10-20.10.2023ж.,

23.10 – 02.11.2023 ж.

– өткізу форматы – офлайн.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының музыкалық жетекшілері-3 курс, 216 сағат;

– Оқыту тілі-қазақша;

– Қызмет көрсету мерзімі: 29.05-08.06.2023ж., 07.08-17.08.2023ж., 11.09-22.09.2023ж.  

–  өткізу форматы- офлайн.

Мектепалды тобының/ сыныбының  педагогтері – 7 курс, 504 сағат;

– оқыту тілі – қазақ, орыс;

– қызмет көрсету кезеңі: 12.06-22.06.2023ж., 07.08-17.08.2023ж., 21.08-31.08.2023ж.,

 11.09-22.09.2023ж., 25.09-06.10.2023ж., 09.10-20.10.2023ж., 23.10 – 02.11.2023 ж.

– өткізу форматы – офлайн.

Басқа педагогтер (бейнелеу өнері және басқа педагогтер) -72 сағат;

– Оқыту тілі-қазақша;

 – Қызмет көрсету мерзімі 12.06 – 22.06.2023ж.

өткізу форматы- офлайн.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  

(төмендегі тармақтардың біріне сәйкес): 

1) Жоғары педагогикалық білім немесе тиісті профильге сәйкес өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы;

2) Жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (магистратура) немесе тиісті профильге сәйкесөзге де кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) немесе тиісті профильге сәйкес ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты) немесе тиісті профильге сәйкес PhD докторы дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Білуге тиіс:  

Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының Заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді,  экономика негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, санитарлық ережелер мен нормаларды. 

Кажетті кәсіби білім:     

  • білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;  
  • теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері; 
  • пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары; 
  • білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері; 
  • оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігіндегі жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;  
  • құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтайтын ортаның компоненттері; 
  • білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, өзіндік оқыту тәжірибесін рефлексиялау әдістері; 
  • педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;  
  • тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік. 

Кажетті кәсіби дағдылар мен біліктер: 

  • білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтау және пайдалану; 
  • пәндік білімді қолдану және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына айналдыру; 
  • заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдау және тиімді қолдану;  
  • білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгеру; 
  • инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгерген, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлау; 
  • жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану; 
  • құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтау, білім беру процесінде денсаулық сақтайтын ортаны қалыптастыру; 
  • оқыту үдерісін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттеу, рефлексиялайды және өзіндік оқыту тәжірибесіне зерттеу жүргізу; 
  • педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтау; 
  • тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану. 

Болғаны жөн: 

  • кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;  
  • зерттеулер негізінде бағдарламаларды зерттеу және әзірлеу жобаларына қатысу;  
  • авторлық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеу;  
  • кәсіптік қауымдастықтар мен білім беру қоғамдастықтарында оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысу (оның ішінде желілік). 

Ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам, «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелері) не жеке өзі төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:

  • Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  • түрлі түсті фотосуреті бар түйіндеме;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме) немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (түпнұсқа және көшірме);
  • Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген Қандас куәлігін (түпнұсқасы мен көшірмесін) ұсынады;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар.

Кандидат құжаттардың түпнұсқасын өзі ұсынған кезде көшірмесін растау талап етілмейді.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 13.02.2023 жылға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ.,Төле би көшесі 69 А,

анықтама телефондары: 8 (7262) 54 61 81, электрондық мекенжайы: zhambylipk@orleu-edu.kz

Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би көшесі 69 А,

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Apply For This Job