Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 7 месяца ago

Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты»

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 10.09.2024 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 05.10.2024 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы

Байланыс email: a_ipk@mail.ru

Телефон: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 8702 681 85 08

Бос орын атауы: әкімшілік – кадрлық жұмыс басқармасының бастығы- 1 бос жұмыс орны (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат)

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден  18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

 Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)  білім және лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Білуге тиіс:  

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», Заңдарын, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Филиал туралы ережені;Қоғамның ішкі еңбек тәртібі ережелерін, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, Қоғам мен Филиал қызметінің тәртібін айқындайтын Қоғам мен Филиалдың өзге де ішкі құжаттарын.

Басқарма бастығының лауазымдық міндеттері:

Еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Филиал директорының тапсырмаларын орындау;

міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

Басқарманың қызметіне, оның ішінде еңбек тәртібіне жалпы басшылық ету және бақылау, жұмыскерлер арасында функционалдық міндеттерді бөлу;

Басқармаға келіп түсетін құжаттар мен материалдар бойынша шешімдерді қарау және қабылдау, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындау;

еңбек заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес кадрларды/персоналды іздеу, іріктеу, жалдау, бейімдеу, оқыту, орналастыру, персоналды дамыту және бағалау/аттестаттау процестерін ұйымдастыру;

Филиалда персоналмен жұмыс және құжат айналымы, әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету саласындағы кешенді тексерулерге қатысу;

Филиалдың кадрлық және әкімшілік-шаруашылық мәселелер мен құжат айналымы жөніндегі қызметіне басшылық ету; Басқарманың құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Филиалдың лауазымдық нұсқаулықтарын, сондай-ақ персоналды басқару, әкімшілік-шаруашылық мәселелері және іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі Филиалдың ішкі актілерін әзірлеу бойынша жұмысқа басшылық ету; 

ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;

Филиалдағы әкімшілік-шаруашылық және кадрлық жұмысқа, құжат айналымына әдістемелік басшылықты ұйымдастыру;

Филиалда ұжымдық шарттарды, салалық тарифтік келісімдерді дайындау және жасасу, еңбек тәртібін нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;  

Филиалдың/Қоғамның негізгі қорларын ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметасын жасауға қатысу;

Филиал жұмыскерлерін еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындау;

құжаттарды жүйелендірілген есепке алу және сақтау, оларға (Басқарма құзыреті шегінде) заңнамалық және нормативтік актілерде қабылданған, сондай-ақ Қоғам/Филиал Басқармасының Төрағасы шығаратын өзгерістерді енгізу бойынша басшылықты ұйымдастыру, оларға заманауи ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын қолдану негізінде пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Басқарма алдына қойылған, Басқарма орындайтын міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

Филиалдың жиынтық істер номенклатурасын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; Басқарма құзыреті шегінде ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;

Филиал басшылығына және Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне қажетті есептілікті дайындау және ұсыну;

Басқарма жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды жоспарлау, бақылау; Қоғамның бұйрықтарын, өкімдерін және басқа да құжаттарын Филиал жұмыскерлерінің назарына жеткізу;

Басқарманың өкілеттіктері мен құзыреті шегінде жұмыс берушінің бұйрықтары мен өзге де актілері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, оларды келісу; Филиалдың іс қағаздарын жүргізу, кадрлық және ұйымдастыру-шаруашылық жұмыстарын үйлестіру және бақылау;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтау жөніндегі шараларды бақылау және қабылдау;

Филиалдың техникалық қызметтерінің жұмысына басшылық ету, олардың жұмыс нәтижелерін, өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылау;

Басқарма алдына қойылған, Басқарма орындайтын міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

Басқармада және Филиалда іс жүргізудің сапалы жүргізілуін, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;

әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін орындау;   жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шамада жұмыс берушіге өтеу;

атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу; мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау; адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ тоқырау туындаған туралы жұмыс берушіге хабарлау; жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде аурудың алдын алу медициналық бақылаудан өту;

жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану; еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жария етпеу;

Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 05.10.2024ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат 201 кабинет мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 20-34-50,  87014121739, 87026818508  әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы

Сұхбат өткізу орны:

Атырау қаласы, Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 201-кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job