Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 4 месяца ago

Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 06.01.2025 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 20.01.2025 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы

Байланыс email: a_ipk@mail.ru

Телефон: 8(7122) 20-34-50, 8702 681 85 08

Бос орын атауы: директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары – 1 бос жұмыс орны

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден  18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, педагогикалық этика нормаларын, менеджмент және экономика, қаржы-шаруашылық қызмет, андрагогика, синергетика, педагогика, психология негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 20.01.2025ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат 201 кабинет мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 20-34-50,  87014121739, 87026818508  әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы

Сұхбат өткізу орны:

Атырау қаласы, Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job