«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 неделя ago
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 10.04.2025ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 18.04.2025ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі
Байланыс e–mail: a_ipk@mail.ru
Телефон: 8(7122) 20-34-50, 8702 681 85 08
Бос орын атауы: оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы – 1 бос жұмыс орны
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі немесе лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік процестік-кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, дидактиканың принциптері, педагогика мен жас ерекшелік психологиясының негіздері, білім сапасын басқарудың инновациялық әдістері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері, баспалармен жұмыс істеу негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртібі, пән бойынша жаңа және альтернативті оқулықтардың мазмұны, инновациялық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату әдістемесі, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс, педагогикалық этика нормалары, еңбек қорғау ережелері мен нормалары, компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 18.04.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы, 2-қабат, 204-кабинет немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 8702 681 8508.
Сұхбат өткізілетін орын:
Атырау қаласы, Лев адмирал Владимирский, 24, 2 қабат, 200 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.