«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдіскері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 10 месяца ago
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты»
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 22.07.2024 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 05.08.2024 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы
Байланыс e–mail: a_ipk@mail.ru
Телефон: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 8702 681 85 08
Бос орын атауы: педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдікері – 1 бос жұмыс орны (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат)
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немес жоғары оқу орынан кейінгі) білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Әдіскер білуге тиіс:
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық және құқықтық актілерін, инновациялық басқару әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу- бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, ақпарат жинау әдістерін, талдау құралдарын, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, оқу –бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін, озық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату әдістемесін, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Әдіскердің лауазымдық міндеттері:
Кафедра әдіскерінің міндеттері:
Еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
Атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Кафедра меңгерушісінің (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
Шақырылған оқытушылар өткізген курстардан өткен педагогтерді курстан кейін қолдау;
Әзірленетін білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Филиалдың (Өкілдіктің) операциялық жоспарын іске асыру қызметін ұйымдастыру;
Филиалдың әдістемелік жұмысы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және курстан кейінгі қолдау бойынша тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептер үшін деректер жинау;
Филиалдың (Өкілдіктің) Сараптама Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
Кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамына, педагогтерге, аудандық/қалалық/облыстық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;
Іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 05.08.2024ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат 201 кабинет мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 87026818508 әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы
Сұхбат өткізу орны:
Атырау қаласы, Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 201-кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.