«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 9 месяца ago
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 14.08.2024 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 23.08.2024 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы
Байланыс e–mail: a_ipk@mail.ru
Телефон: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 8702 681 85 08
Бос орын атауы: қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас бухгалтері – 1 бос жұмыс орны
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қаржы-бухгалтерлік іс саласындағы, оның ішінде басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты жоғары тұрған, қаржы және бақылау-тексеру органдарының әдістемелік және басқа да материалдарын, азаматтық құқықты, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнаманы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздерін, ұйымның құрылымын, стратегиясын және оның даму перспективаларын, ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды, оны жүргізу ережелерін, есепке алу учаскелері бойынша операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібін, қаржылық есеп айырысу нысандары мен тәртібін, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау әдістерін, ақша қаражатын, тауар-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібін, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу ережесін, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттарын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да ысыраптарды есептен шығару тәртібін, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу қағидаларын, бухгалтерлік теңгерімдер мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін, тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу қағидаларын, заманауи есептеу техника құралдарын және оларды есепке алу-есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда, салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін, қаржылық есептіліктің халықаралық ұлттық стандарттарын, қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс істеуді, экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды, өндіріс технологиясының негіздерін, нарықтық басқару әдістерін, шарттарды жасасу және ресімдеу тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23.08.2024ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат 201 кабинет мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 20-34-50, 87014121739, 87026818508 әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы
Сұхбат өткізу орны:
Атырау қаласы, Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.