Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жұмыстарды редакциялау және түзету әдістерін, қолжазбаларды өндіріске тапсыруды, баспаға корректуралық бедерлерді дайындауды, полиграфиялық өндіріс технологиясының терминдерін, белгілерін және өлшем бірліктерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Негізгі міндеттері:

  1. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  2. басылымдардың жоғары ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында шығарылатын ғылыми және әдістемелік әдебиетті, ақпараттық және нормативтік материалдарды редакциялау;
  3. ұсынылған түзетулерді, толықтыруларды, қысқартуларды ескере отырып, ұсынылған түрде немесе пысықталғаннан кейін басып шығару мүмкіндігі туралы қорытынды дайындау;
  4. авторларға қажетті көмек көрсете отырып, басылымға қабылданған материалдарды редакциялау (құрылымын жақсарту, терминдерді таңдау, безендірулерді ресімдеу және т.б. бойынша), олармен ұсынылатын өзгерістерді келісу;
  5. редакциялау процесінде авторлардың рецензенттердің ескертулерін және оларды пысықтау жөніндегі материалдарға қойылатын талаптарды орындауын, ұсынылған материалдың жинақтылығын, бөлімдер атауларының олардың мазмұнына сәйкестігін тексеру;
  6. бастапқы көздер бойынша келтірілген дәйексөздер мен цифрлық деректердің дұрыс жазылуын, есімдердің, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің қолданылуы мен жазылуын, басылымның анықтамалық аппаратының ресімделуін, келтірілген символдардың стандарттарда белгіленген немесе ғылыми жәненормативтік әдебиетте қабылданған белгілерге сәйкестігін тексеру;
  7. материалдарды қажетті әдеби редакциялау;
  8. ескертулерді, телнұсқаларды, жұмыс мазмұнын дайындау;
  9. редакцияланатын басылымдарды көркемдік және техникалық ресімдеумен байланысты мәселелерді шешуге қатысу;
  10. табылған қате жазулардың тізімін жасау;
  11. баспа және электрондық басылымдарды шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  12. бастапқы ақпаратты зерделеу, материалдардың жаңалығы мен өзектілігін бағалау, оларды тақырып пен санат бойынша топтастыру және ретке келтіру;
  13. ақпараттың авторларымен және иеленушілерімен оны жариялау мүмкіндігін келісу;
  14. басылым құрылымын жобалау, техникалық және көркем безендіру өлшемшарттарын әзірлеу, технологиялық ерекшеліктерді құрастыру;
  15. баспа басылымдары үшін әртүрлі технологиялық өндіріс сызбаларының техникалық-экономикалық негіздемесін орындау және оңтайлы таңдау, электрондық басылымдар үшін провайдерлерді басылымдардың қауіпсіздігі, рұқсатсыз араласудан қорғау, ақпарат тасымалдағыштың түрі, жазба форматы, бағдарламалық қамтамасыз ету үшін анықтау;
  16. негізгі және қосалқы материалдарға қажеттілікті есептеу;
  17. басылымдарды дайындау мерзімін анықтау, технологиялық операцияларды орындау кестесін жасау, олардың сақталуын бақылау;
  18. басылымдарды техникалық редакциялау және көркемдік ресімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, полиграфиялық орындау сапасын тексеру;
  19. іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
  20. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу;

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 29.03.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7142) 54-30-08, 54-18-83 (факс).

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 30 наурыз, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job