Posted 2 года ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағыжұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды. Меңгеруі тиіс: ғылыми зерттеу және талдау әдебиеттерін іздеу мен жүйелеуді жүзеге асыру, сапалы және сандық деректерді іздеу/жинау, өңдеу және талдау жүргізу, талдау нәтижелерін мәтіндер, графиктер және кестелер түрінде ұсыну.

Негізгі міндеттері:

  1. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  2. Филиалдың ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс жөніндегі құжаттамасын жүргізу;
  3. Филиалда өткізілетін курстар туралы деректерді шығыс сауалнамасының нысандарын автоматты түрде генерациялау үшін дерекқорға енгізу;
  4. курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылардың шығыс сауалнамасының толтыруын қамтамасыз ету (сауалнамалардың электрондық сілтемелерін тарату және тиісті нұсқама өткізу);
  5. есеп беру кезеңінде (жартыжыл, жыл) Филиалдың ғылыми-зерттеу қызметінің мәселелері бойынша талдамалы және статистикалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындау;
  6. педагогтердің кәсіби дамудағы қажеттіліктеріне зерттеулер жүргізу және білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ Қоғамның ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;
  7. зерттеулер шеңберінде деректер қорымен (LMS Orleu, Педагогтердің деректер қоры, ҰБДҚ) жұмыс істеу, сондай-ақ Ғылым, инновациялар және талдау департаменті әзірлеген құралдар мен нұсқаулықтар бойынша сұхбат, топтық пікіралмасу, сабақты бақылау мен сауалнамалар жүргізу арқылы деректер жинау;
  8. сапалы деректерді (сұхбат, топтық пікіралмасудың аудиожазбаларын транскрипциялау, бақылау хаттамаларын рәсімдеу) және сандық деректерді (электрондық кестелер құру) өңдеу;
  9. сапалық деректерді (кодтау) және сандық деректерді (жиынтық кестелер мен графиктер/диаграммалар құру) талдау;
  10. зерттеу нәтижелері негізінде талдамалы жазбаларды қалыптастыру;
  11. халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-тәжірибелік симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды бетпе-бет/онлайн ұйымдастыруына және олардың жұмысына қатысу; 
  12. білім беру, оның ішінде кәсіптік даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру шеңберінде әкімшілік қолдау көрсету;
  13. Сектордың алдына қойылған міндеттер мен Сектор орындайтын функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету
  14. іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
  15. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу;

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 24.04.2023 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7142) 54-30-08, 54-18-83 (факс).

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылдың 25 сәуірі, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job