Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 7 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл. (Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат).

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер, басқарудың инновациялық әдістері, баспалармен жұмыс істеу негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату әдістемесі, ақпарат жинау әдістері, талдау құралдары, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттары, оқу-бағдарламалық материалдарды әзірлеу қағидаттары мен тәртібі, озық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату әдістемесі, дербес компьютерлерде, өзге де электрондық-цифрлық құрылғыларда жұмыс істеуге қойылатын талаптары, педагогтерді курстан кейінгі қолдау мен әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты іздеудің, жинаудың, сақтаудың, өңдеудің, берудің, таратудың негізгі әдістері, зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу әдістері, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; еңбек заңнамалары, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Негізгі міндеттері:

  1. еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Кафедра меңгерушісінің (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. шақырылған оқытушылар өткізген курстардан өткен педагогтерді курстан кейін қолдауды жүзеге асыру;                                           
  5. LMS платформасында педагогтердің виртуалды қауымдастығын фасилитациялау;
  6. Кафедраның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу;
  7. Кафедраның әдістемелік жұмысын үйлестіру және жүргізу;                            
  8. әдістемелік жұмыс, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және курстан кейін қолдау бойынша тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептердің дайындалуын қамтамасыз ету;                                                             
  9. Қоғамның және Филиалдың әдістемелік қорын толықтыру;  
  10. профессорлар мен оқытушылар құрамын кәсіби дамыту жұмысын ұйымдастыру;
  11. Кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамына, педагогтерге, аудандық/қалалық/облыстық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;
  12. Филиалдың профессорлар мен оқытушылар құрамы үшін үздік инновациялық тәжірибені зерделеу, қорытындылау және тарату бойынша тренингтер, жаттықтырушы сағаттарын өткізуді ұйымдастыру (қызмет түрлері бойынша);
  13. іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
  14. Кафедраның әдіскері уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін орындау;
  15. жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
  16. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу;

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;

– түсті фотосуреті бар түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 22.10.2024 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7142) 54-18-83 (факс).

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2024 жылдың 23 қазаны, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job