«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бойынша әкімшілік-кадрлық жұмыстар бөлімінің жетекші маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Мұрағат
Posted 3 недели ago
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 21.08.2025 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 25.08.2025 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі
Байланыс e–mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz
Телефон: 8(747) 7312727
Әкімшілік-кадрлық жұмыстар бөліміне жетекші маман -1 бос жұмыс орны
Бі Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 8.30-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Білімі:
Сәйкес кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс.
Жұмыс өтілі:
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір,ке жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Міндетті білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, персоналды басқару бойынша әдістемелік материалдарды; ұйымның құрылымы мен штаттарын, оның қызмет бағыты мен мамандануын, даму перспективаларын; кадрларға деген ағымдағы және болашақтағы қажеттілікті айқындау тәртібін; кадрларды оқыту мен біліктілігін арттырудың түрлері мен әдістерін; ақпараттық жүйелерді қолдана отырып мамандықтар мен лауазымдарды іздеу технологиясын; еңбек шарттарын жасау тәртібін, деректер базасын жасау әдістерін, тестілеу және әңгімелесу өткізу әдістемелерін, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрамын талдау әдістерін; іскерлік қарым-қатынас этикасын, кадрлық іс қағаздарын жүргізу негіздерін, заманауи техника мен байланыс құралдарын қолдану әдістерін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық және өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар мен ережелерді білуі тиіс.
Жеке қасиеттері:
- Коммуникабельділік
- Жауапкершілік
- Командада және көп міндетті режимде жұмыс істей алу қабілеті
Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маман келесі міндеттерді атқарады:
- Еңбек шартында, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерінде белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау;
- Лауазымдық құзырет шеңберінде тікелей басшысының және Қоғамның орталық аппаратының курирлеуші қызметтерінің жедел тапсырмаларын орындау;
- Еңбек өнімділігін, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру арқылы өз қызметін тиімді атқару;
- Филиалдағы персоналды басқару саласында HR-процестерді енгізу және жетілдіру жұмыстарын жүргізу;
- Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар мен ішкі актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, өз құзыреті шегінде оларды уақтылы жаңарту;
- Персоналды іздеу, іріктеу, бейімдеу және дамыту процестеріне қатысу;
- Лауазым шеңберіндегі басқа да міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және басқа заңдарына сәйкес міндеттерді орындау.
Құжаттар тізімі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға әкімшілік-кадрлық жұмыстар бөлімінің персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманына келесі құжаттарды электронды түрде (сканерленген көшірмелер) немесе жеке өзі тапсыруы тиіс:
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім (Қоғам сайтындағы форма бойынша);
- Конкурс комиссиясының төрағасына жазылған өтініш;
- Жеке деректер, еңбек тәжірибесі, білім, жобаларға қатысу, жетістіктер, тілдерді меңгеру және қызығушылықтар (хобби) туралы толық әрі шынайы мәліметтер көрсетілген фотосуретімен түйіндеме (резюме);
- Кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми дәрежесі (PhD, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау мен біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми еңбектер мен әдістемелік жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжаттардың көшірмесі, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты. Кандастар – жергілікті атқарушы орган берген қандас куәлігін;
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлғаның ықтиярхаты не босқын куәлігі (егер бар болса);
Конкурсқа келген кезде барлық жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда, конкурсқа қатысушы өз білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 25.08.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы , Жібек жолы көшесі, 67 мекен-жайы немесе e-mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(747) 7312727
Сұхбат өткізілетін орын:
Түркістан қаласы, Жібек жолы, 67.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.