Актуалды
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 5 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе өзге де кәсіби білімі, кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі болуы қажет, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін, ағылшын тілін (жақсырақ) меңгеруі тиіс. Философия докторы (PhD) немесе оған тең дәреже, сондай-ақ кемінде екі жыл оқыту тәжірибесі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік-іс жүргізу кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика мен психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, педагогикалық этика нормаларын, менеджмент және экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметті, андрагогика, синергетиканы айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар, білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау тәсілдері.

Негізгі міндеттері:

  1. еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Филиал директорының тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. Филиал жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарлауын ұйымдастыру;
  5. Филиалдың барлық оқу қызметінің түрлеріне бақылау жүргізу;
  6. негізгі бағыттарды іске асыру, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі ақпараттандыруды дамыту, білім беру және ғылым басқару процесін автоматтандыру, педагог қызметкерлердің білім беруді цифрландыру жағдайындағы кәсіптік қызметке дайындығын қалыптастыру бойынша біліктілігін арттыру;
  7. білім беру процесін жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу мен енгізу бойынша ұсыныстар беру;
  8. Филиалдың әдістемелік, инновациялық даму және цифрландыру жөніндегі қызметін бақылау мен үйлестіру;
  9. оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды, сабақ кестесін және оқу қызметінің басқа да түрлерін әзірлеуге басшылық ету;
  10. оқытушылардың оқу жүктемесін орындауына, дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың сапасына бақылау жасау;
  11. Филиалдың Ғылыми кеңесінің отырыстарына, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың алқасына, Қоғамдағы және ҚР оқу-ағарту министрлігіндегі кеңестерге материалдар дайындау;
  12. облыстың қалалары мен аудандарының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарына және әдістемелік кабинеттеріне әдістемелік көмек көрсету жөніндегі процесті басқару;
  13. кафедраның (кафедралардың) және оқу ісі бөлімінің қызметіне жетекшілік ету;
  14. инновациялық және эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектептерге ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру;
  15. Филиалдың Сараптау комиссиясына басшылық жасау;
  16. қалалық, облыстық және республикалық конкурстарды дайындау және өткізу;
  17. Филиалдың оқытушылар құрамымен әдістемелік сағаттар өткізу;
  18. баспа, кітапхана қызметіне жетекшілік ету;
  19. жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  20. білім беру ұйымдарының басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының сабақтастығын, біліктілік арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау;
  21. Филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуге қатысу және оларды Филиал директорына ұсыну;
  22. қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
  23. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу;
  24. Филиалдың тікелей қарамағындағы құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау бойынша басшылықты жүзеге асыру;
  25. Филиал жұмыскерлерін еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  26. Филиалда өкілеттіктер шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  27. профессор-оқытушылар құрамын конкурстық іріктеу кезінде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету және Филиалдағы рәсімдердің транспаренттілігін бақылау;
  28. Филиал директоры уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындау; 
  29. басшылық ететін құрылымдық бөлімшеде іс жүргізуді, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
  30. өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау;
  31. жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
  32. келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
  33. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу;
  34. мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;
  35. адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
  36. жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;
  37. жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
  38. еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
  39. Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;
  40. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не жеке өзі төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім (белгілі нысан бойынша);

– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса) тізімі; еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 01.08.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86  мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны: 2025 жылдың 04 тамыз, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job