Актуалды
“Өрлеу” по Кызылординской области
Posted 1 день ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» кадр жұмысы бөлімі персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманы бос лауазымына (1 штаттық бірлік) конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі

Білуге тиіс:  

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдар, ұйымның құрылымы мен штаттары, оның бейіні, мамандануы және даму перспективалары, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібі, кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың нысандары мен әдістері; ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясын; еңбек шарттарын әзірлеу тәртібін, жеке мәліметтер базасын құру әдістерін, тестілеу, сұхбаттасу өткізу әдістемелерін, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыру негіздерін, заманауи техникалық құралдарды, коммуникацияларды және байланысты қолдана отырып ақпаратты өңдеу әдістерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, ақпараттық қауіпсіздігін, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, санитарлық ережелер мен нормаларын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 08.08.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: kyzylordaipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: +7(7242) 55-10-02.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылдың 11 тамызы, Қазақстан Республикасы,  Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job