«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы негізгі қызметкердің орнына «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша кафедраның аға оқытушысы уақытша бос лауазымына (1 штаттық бірлік) конкурс жариялайды.
Актуалды
Қызылорда бойынша "Өрлеу"
Posted 2 месяца ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы негізгі қызметкердің орнына «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша кафедраның аға оқытушысы уақытша бос лауазымына (1 штаттық бірлік) конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті саладағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, үш жылдан кем емес педагогикалық өтілі.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, еңбек заңнамасын; еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, қарым-қатынас мәдениеті мен қызмет көрсету этикасы бойынша ережелер мен нормаларды; педагогикалық әдеп нормаларын, оқу бағдарламаларын жасау тәртібін, тәрбие жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология, андрагогика негіздерін, қаржылық сауаттылықты; білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптерін; ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тәсілдерін; үздіксіз білім алу және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасын; қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформаларын; бағдарламаларды әзірлеуін және оқу бағдарламалары мен әдістемелік материалдардың тиімділігін бағалау әдістемесін; инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде қашықтықтан оқытуды; оқыту және курстан кейінгі іс-әрекеттер кезінде мұғалімдердің өзара әрекетін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, құралдары мен ресурстарын.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 03.09.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: kyzylordaipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: +7(7242) 55-10-02.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылдың 04 қыркүйегі, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.