Актуальный
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 4 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім – кітапхана ісі, ақпараттық технологиялар, педагогика, мәдениеттану немесе оған жақын мамандықтар бойынша.

Кітапхана және баспа ісі саласындағы қосымша курстар немесе сертификаттар, ғылыми дәреженің (ғылыми атақтың) және PhD дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.

Кітапханада, баспада, ғылыми немесе білім беру ұйымында ақпараттық жүйелермен және кітапханалық каталогтармен, электрондық ресурстармен және деректер базаларымен жұмыс тәжірибесі, ғылыми жарияланымдарды редакциялау және конференциялар ұйымдастыру тәжірибесі кемінде екі жыл болуы тиіс.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды, кітапхана және баспа ісі жөніндегі заңнама нормаларын, кітапхана ісінің, редакциялық және баспа жұмысының негіздерін, ақпаратты жіктеу мен сақтауды, кітапхана және баспа ісі саласындағы заманауи технологиялар мен үрдістерді, педагогика және оқыту әдістемесі саласындағы қазіргі заманғы бағыттарды, іс-шараларды ұйымдастырудың негіздерін, оның ішінде конференцияларды жоспарлау, үйлестіру және өткізу тәртібін, ғылыми мақалаларды рәсімдеу қағидаларын, командада жұмыс істеуді және ғалымдармен, оқытушылармен және басқа да мамандармен өзара әрекеттесуді білуі тиіс.

Білуі міндет: Кітапханалық үдерістерді басқаруға арналған ақпараттық жүйелермен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу, ақпаратты талдау және өңдеу, электрондық кітапханалық жүйелермен және ресурстармен жұмыс істеу, ғылыми мәтіндермен жұмыс жасау, құжаттарды каталогтау және жіктеу, мәтіндерді және деректер базаларын өңдеуге арналған бағдарламалармен, жарияланымдарды әзірлеуге арналған редакциялық жүйелермен және бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.

Негізгі міндеттері:

  1. Еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау;
  2. Лауазымдық құзыреті шегінде Филиал директорының тапсырмаларын орындау;
  3. Еңбек өнімділігін және кәсіби деңгейін арттыру, міндеттерді тиімді орындау және кітапхананы цифрландырудың заманауи талаптарына бейімдеу;
  4. Филиалдың кітап қорының жыл сайынғы түгендеуін жүргізу, Филиал мен Қоғамның жұмыс бағытына сәйкес кітапхана қорының толықтыру жоспарларын әзірлеуге қатысу;
  5. Оқырмандарға қажетті әдебиеттерді іріктеуді қамтамасыз ету, олардың сұраныстарын жедел орындау, әдебиеттерді абонементте және оқу залында беру;
  6. Кітапхана қорын ұйымдастыру, оның ішінде әдебиеттерді өңдеу, электрондық каталогтар құру, есепке алу, толықтыру, түгендеу және кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету;
  7. Ғылыми-ақпараттық және ғылыми-әдістемелік жұмысқа қатысу, әдебиеттерді өңдеу, тақырыптық және әліпбилік каталогтар құру, цифрлық ресурстардың тақырыптық жинақтарын қалыптастыру;
  8. Баспа материалдарын (кітаптар, журналдар, құжаттар және басқа ресурстар) цифрлық форматқа көшіруді жүзеге асыру;
  9. Қызметкерлер мен оқырмандарға электрондық ресурстар мен технологияларды пайдалану бойынша оқыту іс-шараларын өткізу;
  10. Филиал қызметінің бағыттарына сәйкес тақырыптық көрмелерді ұйымдастыруға қатысу;
  11. Шығарылатын ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді, ақпараттық және нормативтік материалдарды ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында редакциялау;
  12. Ұсынылған еңбектердің жариялану мүмкіндігі туралы қорытындылар дайындау (ұсынылған түзетулер, толықтырулар, қысқартуларды ескере отырып, бастапқы нұсқада немесе қайта өңделген түрінде);
  13. Жариялануға қабылданған материалдарды редакциялау, авторларға қажетті көмек көрсету (құрылымын жетілдіру, терминдерді таңдау, иллюстрацияларды рәсімдеу және т.б.), ұсынылған өзгерістерді олармен келісу;
  14. Редакциялау барысында авторлардың рецензенттердің ескертулерін және материалдарға қойылатын талаптарды орындауын, ұсынылған материалдың толықтығын, бөлімдердің атауларының мазмұнына сәйкестігін тексеру;
  15. Алғашқы дереккөздер бойынша келтірілген дәйексөздер мен сандық деректердің дұрыстығын, есімдердің, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің жазылуын, анықтамалық аппараттың рәсімделуін, символдардың стандарттарда немесе ғылыми және нормативтік әдебиетте қабылданған белгілерге сәйкестігін тексеру;
  16. Қажетті әдеби редакциялауды жүзеге асыру;
  17. Редакцияланатын басылымдардың көркемдік және техникалық безендірілуіне байланысты мәселелерді шешуге қатысу;
  18. Анықталған баспа қателерінің тізімдерін жасау;
  19. Баспа және электрондық басылымдардың шығарылуын ұйымдастыру;
  20. Алғашқы ақпаратты зерделеу, материалдардың жаңалығын және өзектілігін бағалау, оларды тақырыптар мен санаттар бойынша топтастыру және жүйелеу;
  21. Авторлармен және ақпарат иелерімен оның жариялану мүмкіндігін келісу;
  22. Басылымдардың құрылымын жобалау, техникалық және көркемдік безендіру параметрлерін әзірлеу, технологиялық сипаттамалар құрастыру;
  23. Негізгі және көмекші материалдарға қажеттілікті есептеу, басылымдарды дайындау мерзімдерін анықтау, технологиялық операцияларды орындау кестелерін құрастыру және олардың сақталуын бақылау;
  24. Іс жүргізуді жүргізу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға, хабарландыруда көрсетілген күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмелерін жолдайды:

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса); еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 09.09.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86  мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылдың 10 қыркүйегі, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады. Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job