«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы оқу ісін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуальный
“Өрлеу” по Костанайской области, Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 4 дня ago
Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс немесе жұмыс өтілін кемінде екі жыл растайтын құжат.
Білуі тиіс:
– Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттары, баспалармен жұмыс істеу негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібі, жинақтау әдістемесі және озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін тарату, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.
Негізгі міндеттері:
1) еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) біліктілікті арттыру курстарының жоспарына сәйкес кафедралар жүргізетін оқу жұмысын талдауға қатысу;
5) статистикалық есептерді дайындауға қатысу (Филиалдағы (Өкілдіктегі) оқу ісі жөнінде тоқсандық есеп);
6) Филиалдың (Өкілдіктің), білім беру мәселелері жөніндегі облыстық (өңірлік) уәкілетті органның, жекелеген білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тапсырмаларын, өтінімдерін кейіннен тыңдаушылар санаттарына сәйкес кафедралар бойынша қайта бөле отырып тіркеу;
7) нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
8) білім беру бағдарламаларының, тыңдаушылар тізімдерінің, курстық даярлықты қабылдау мен аяқтауға бұйрықтардың, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың (сертификаттар), оқу-тақырыптық жоспарлардың, курстық даярлық журналының, оқу сабақтарының кестелерінің ресімделуі мен ұсынылуын бақылау;
9) қатаң есептегі құжаттардың бланкілерін (сертификаттарды) есепке алу және сақтау;
10) Қоғамға (Филиалға) тоқсан сайынғы есепті ұсына отырып, оқу қызметі бойынша барлық ақпаратты жинау және өңдеу;
11) тыңдаушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
12) білім беру саласындағы уәкілетті органдармен (облыстық, қалалық, аудандық) және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
13) барлық оқу құжаттамасын, оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттарды автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру;
14) сабақтарға қатысуды бақылау мен талдау;
15) іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
16) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақта;
17) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса); еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 09.09.2025ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылдың 10 қыркүйегі, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.