Актуалды
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда педагогикалық қайта даярлаудан өткен, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жылды растайтын құжат.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік-іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттары, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін, білім берудің озық технологияларындағы тәжірибені жалпылау және тарату әдістемесін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормаларды.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
  • Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 09.09.2025 ж. дейін ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69А, 2-қабат, 211-кабинет мекен-жайы бойынша немесеzhambylipk@orleu-edu.kz электрондық почтасы арқылы қабылданады.

Анықтама үшін:  8(7262)-54-70-00

Сұхбат өткізу күні және орны: 2025 жылғы 10 қыркүйек,  уақыты 16.00-де,  ҚР, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69 А, 209 кабинет.

 Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job