Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 год ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кемінде бес жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD философия докторы дәрежесі болған жағдайда, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, С1 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгеру және халықаралық ынтымақтастық тәжірибесінің болуы.

– бастамашылдық, жауапкершілік, қызметтерді тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлау, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық сияқты қасиеттердің болуы.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; ғылыми-зерттеу қызметінің әдіснамасы; тиісті білім саласындағы зерттеулердегі ғылыми проблемалар мен өзекті трендтер; білім беру саласындағы ғылымның отандық және шетелдік жетістіктері; ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың, жүргізудің жаңа әдістері, құралдары мен практикасы; педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қолданыстағы ережелер; ұйымның білім беру қызметіне қатысты талдамалық, нормативтік және әдістемелік материалдар;  басқарудың инновациялық әдістері; ұйымның даму перспективалары, білім берудің жай-күйі мен даму перспективалары, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Негізгі міндеттері:

  1. Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеу және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  2. Департаменттің қызметін жүйелі түрде талдау, кемшіліктерді, резервтерді анықтау, барлық мәселелерді жедел шешу, Қоғам басшылығына істердің жай-күйі туралы үнемі баяндап отыру;
  3. Қоғамның стратегиялық жоспарлауы мен ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты Басқарманың бұйрықтарын, шешімдерін орындауды жүзеге асыру;
  4. ғылыми-зерттеу және мониторингтік қызметті стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру, даму перспективаларын айқындау, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдау;
  5. Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу және мониторингтік қызмет бойынша перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу;
  6. Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметі бойынша есептілік нысандарын әзірлеу;
  7. Қоғамның стратегиялық мақсаттарын құру және тиімді іске асыру үшін қажетті өлшемдер мен әдістерді жетілдіру;
  8. Қоғамның стратегиялық жоспарына, Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар үшін материалдар дайындау;
  9. Қоғамның қызметі туралы сұратылған нысан бойынша жартыжылдық және жылдық талдамалық есептерді (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) дайындау;
  10. Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдау;
  11. Филиалдардың қызметкерлеріне ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
  12. Қоғам ұсынатын білім беру қызметтеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін әдіснаманы және құралдарды әзірлеу; Қоғам Филиалдарының курстық және курстан кейінгі қызметіне мониторинг жүйесін құру және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті өлшемдер мен әдістерді жетілдіру;
  13. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдар қаржыландыратын ғылыми конкурстарға өтінімдер беру процесіне Қоғам Филиалдарының қатысуына жәрдемдесу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуы саласындағы халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу;
  14. Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес стратегиялық құжаттарды, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты әзірлеу бойынша перспективалық жылдық жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлардың орындалуына бақылау жүргізу.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 19.04. қоса есептегенге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172)              57-46-01, құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 22 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job