«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Директордың орынбасары бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Актуалды
Алматы қаласы бойынша Өрлеу
Posted 3 недели ago
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, мемлекеттік және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін (қалаулы) меңгерген болуы тиіс.
Ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының заңдары: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, педагогикалық әдеп нормаларын, менеджмент және экономика негіздері, қаржы-шаруашылық қызмет, андрагогика, синергетика, педагогика және психология негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар, білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару, нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау тәсілдерін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
- Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
- Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі ( ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы) ғылыми атағы (профессор, доцент туралы құжаттардың көшірмелрі), қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми жұмыстардың, әдістемелік басылымдардың және өнертабыстардың тізбесі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2025 жыл 29 қыркүйек, Алматы қ., Төле би 198/4
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би к., 298/4, 303 каб. немесе: ipralmaty@orleu-edu.kz эл.почтасы
Анықтама үшін телефон: +7 702 631 5723 әкімшілік-кадр жұмысы бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.