«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы, мамандығы «тарих» бос лауазымына конкурс жариялайды.
Актуалды
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 2 дня ago
Оқыту тілі: қазақша, орысша.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің, еңбек заңнамасының жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, қарым-қатынас жасау мәдениеті мен қызметтік әдепті, педагогикалық этика нормаларын, оқу жоспарлары әзірлеу тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелері, педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздерін; білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқарудың қағидаттарын, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты көзқарастар; педагогтердің өмір бойы оқыту және үздіксіз кәсіби даму тұжырымдамасы; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және білім беру бағдарламаларының, әдістемелік материалдардың тиімділігін бағалау әдістемесін; инновациялық білім беру, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары; оқыту және курстан кейінгі қызметі кезінде мұғалімдердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары.
Негізгі міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындауға;
- атқарып отырған лауазымының құзыреті шеңберінде Филиал басшылығының, Кафедра меңгерушісінің тапсырмаларын орындау;
- тыңдаушыларды оқыту сапасын қамтамасыз ету, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру арқылы міндеттерді нәтижелі орындау;
- біліктілікті арттыру курстарын жоспарлау және өткізу, андрогогика қағидаттарына сүйене отырып, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқыту сапасын қамтамасыз ететін заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында өзінің педагогикалық тәжірибесіне рефлексия және зерттеу жүргізу;
- педагогтердің қызметін посткурстық сүйемелдеуді уақытылы және сапалы жүзеге асыру, тыңдаушыларға педагогикалық, зерттеу және рефлексивтік қызметінде, сондай-ақ әдістемелік және зерттеу жұмыстары нәтижелерін жариялауға дайындық кезінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, нәтижелерді талдау және посткурстық сүйемелдеу бойынша есепті уақытылы ұсыну;
- педагогтердің Виртуалды қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, тәжірибе алмасуға арналған түрлі іс-шараларды өткізу;
- кафедра қызметінің бағытын ескере отырып, тыңдаушылардың курстық дайындығының тиімділігін бағалау үшін педагогикалық құралдар әзірлеу;
- оқу және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және сараптау бойынша әдістемелік жұмысқа қатысу, педагогтердің жетістіктері мен инновациялық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату, педагогикалық тәжірибені дамытуға бағытталған кәсіби іс-шаралар өткізу, аттестациядан өтуге кеңес беру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- педагогтердің өңірлік біліктілікті арттыру жүйесі бойынша зерттеулерге қатысу және олардың нәтижелерін енгізу, түрлі ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру және әдістемелік, ғылыми басылымдарды дайындауға қатысу;
- өңірдің білім беру ұйымдары мен педагогикалық қауымдастықтарының инновациялық қызметін әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- Филиал мен Қоғам қызметкерлерінің кәсіби дамуына бағытталған іс-шараларға қатысу;
- оқу жүктемесін, әдістемелік және ғылыми жұмысты есепке алу, жеке жұмыс жоспарының орындалуы туралы тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау және уақытылы тапсыру;
- педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қажетті оқу құжаттамаларын әзірлеу және ұсыну;
- білім беру бағдарламаларын (ББ) және оқу-әдістемелік кешендерін (ОӘК) әзірлеу мен сараптау бойынша жобаларға, комитеттерге, жұмыс топтарына, комиссияларға, сондай-ақ атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде Филиал мен Қоғамның кеңестері, жиналыстары, әдістемелік семинарларына қатысу;
- Кафедра құзыреті шеңберіндегі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға, хабарландыруда көрсетілген күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмелерін жолдайды:
– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса); еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 11.12.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны: 2025 жылғы 12 қыркүйекте, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

